"Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамына "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ XS0925015074, US46639UAA34 (KMGZe6) және XS0925015157, US46639UAB17 (KMGZe7) халықаралық облигациялары бойынша биржада маркет-мейкер мәртебесі берілді

02.05.13 10:47
/KASE, 02.05.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2013 жылдың 30 сәуіріндегі шешімімен "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" акционерлік қоғамына (Алматы) өтініші негізінде "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) мынадай облигациялары бойынша маркет-мейкер мәртебесі берілді: - XS0925015074, US46639UAA34 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZe6; $1,0 млрд; 30.04.13 – 30.04.23, жылдық 4,40 % жарты жылдық купон; 30/360); - XS0925015157, US46639UAB17 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KMGZe7; $2,0 млрд; 30.04.13 – 30.04.43, жылдық 5,75 % жарты жылдық купон; 30/360) [2013-05-02]