"Кселл" АҚ (Қазақстан) өзінің Директорлар кеңесі KZ1C59150017 (KZ1C00000876, KCEL) жай акциялары бойынша 2012 жылдың екінші жарты жылдығына қоғамның таза пайызынан 100 % көлемінде төлеуді ұсынды

30.04.13 16:39
/KASE, 30.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы) биржаға 2013 жылдың 30 сәуірінде ұсынған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабарлады: Қазақстандағы ұялы байланыстың түсім және абоненттер саны бойынша жетекші операторы болып табылатын, "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Кселл" немесе "Қоғам") (LSE, KASE: KCEL), Қоғамның Директорлар кеңесі 2012 жылдың 01 шілдесінен 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңге, Қоғамның таза пайдасының 100 пайызы көлемін құрайтын немесе 32 402 миллион теңге сомадағы, дивиденд төлеуді ұсынды. Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1190675 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-04-30]