"Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY23B672 (KZ2C00000701, DTJLb1) облигацияларының жетіңнші купонын уақытылы төлемегені үшін үстемақыны жартылай төлегені туралы хабарлады

30.04.13 11:08
/KASE, 30.04.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Досжан темір жолы (ДТЖ)" АҚ (Алматы) биржаға жолдаған ресм хатында былай деп мәлімдеді: "ДТЖ" АҚ хабарлайды: өтеу кестесіне сәйкес, "ДТЖ" АҚ 2013 жылдың 26 сәуірінде облигациялардың (НИН KZ2CKY23B672) ұстаушыларына 8 099 563,30 теңге көлемінде 4-ші купондық кезеңге сыйақы бойынша үстемақы төледі. [2013-04-30]