KASE Zhaikmunai International B.V. (Нидерландылар Корольдігі) USN97716AA72, US98953VAA08 (NL_ZHMNe2) халықаралық облигацияларының эмитенті "Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) ауыстырылғанына байланысты сауда-саттық кодын өзгертті

30.04.13 11:02
/KASE, 30.04.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2013 жылдың 29 сәуіріндегі шешімімен KASE сауда-саттық жүйесінде және мәліметтер базасында 2013 жылдың 30 сәуірінен бастап USN97716AA72, US98953VAA08 (KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, NL_ZHMNe2) халықаралық облигацияларының сауда-саттық коды, олардың эмитенті Zhaikmunai International B.V. (Амерсфорт) "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) ауыстырылғанына байланысты, ZHMNe2 деп өзгертілді. Бұрын хабарланғандай, аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2013 жылдың 04 сәуірінен бастап "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. [2013-04-30]