"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Қазақстан) өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

29.04.13 16:33
/KASE, 29.04.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушыларының тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C05340019 жай акцияларының жалпы саны 147 364 847 дана, артықшылықты KZ1P05340115 акцияларының саны – 1 250 дана; - компанияның 142 315 508 жай акциялары және барлық артықшылықты акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) болып табылады. [2013-04-29]