"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) Zhaikmunai International B.V. (Нидерландылар Корольдігі) USN97716AA72, US98953VAA08 (NL_ZHMNe2) халықаралық облигацияларының эмитентін ауыстырғаны туралы хабарлады

26.04.13 14:38
/KASE, 26.04.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде, "Жайықмұнай" ЖШС (Орал), 2013 жылдың 25 сәуірінде биржаға жолдаған ақпараттық мәлімдемесінде былай деп хабарлады: "Жайықмұнай" компаниясы (ЛҚБ тикері: ZKM) ("Жаикмунай"), мұнай және газдың барлауымен, кен қазып шығаруымен айналысатын компания, 2012 жылдың 13 қарашасында шығарылған, облигациялардыңу эмитенті ретінде Zhaikmunai International B.V. компаниясын "Жайықмұнай" ЖШС -не ауыстыруды көздеді. Бұндай ауыстыру бастапқы орналастыру кезінде жоспарланып, осы туралы 2012 жылдың 06 қарашасындағы ұсыным туралы 2012 жылдың 13 қарашасында Zhaikmunai International B.V. компаниясы 560 миллион АҚШ долларына талап етудің артықшылықты құқығымен, өтеу мерзімі 2019 жылдың 13 қарашасында және тиянақталған купоны жылдық 7,125% ("Орта мерзімді облигациялар"), облигацияларын шығарды. Облигациялар Ресми баға кесу тізіміне енгізіліп, Ирландиялық қор биржасымен реттелетін валюталық биржасы болып табылатын, Жаһандық валюталық сауда алаңына сауда-саттыққа жіберілген. 2013 жылдың 02 сәуірінде Қазақстан қор биржасы (KASE) Орта мерзімді облигациялардың "рейтингі бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша KASE ресми баға кесу тізіміндегі эмиссиясына келісімін берді. Орта мерзімді Облигациялардың Қазақстан қор биржасындағы листингі 2013 жылдың 04 сәуірінде өз күшіне енді. Облигациялар биржадағы листингіне енгізілгеннен кейін, 2013жылдың 24 сәуірінде Zhaikmunai International B.V. компаниясы және Облигация бойынша кепілгерлер (соның ішінде "Жайықмұнай" ЖШС), Облигацияны реттейтін келісімнің 4,15 бөліміне сәйкес, "Жайықмұнай" ЖШС Облигациялар бойынша өзіне бастапқы эмитенттің міндеттерін алып, Zhaikmunai International B.V. компаниясы эмитент ретінде облигациялар бойынша міндеттемелерден босатылды да, Облигациялар бойынша кепілгер болды. Облигациялар Ресми баға кесу тізімінде қалып, Ирландиялық қор биржасымен реттелетін валюталық нарық болып табылатын, Жаһандық валюталық сауда алаңында сауда-саттыққа бұрыңғыдай жіберіледі. Өтеу мерзімі 2015 ж., "Жайықмұнай" ЖШС басқа (Люксембург қор биржасының Ресми баға кесу тізіміне енгізіліп, 2010 жылы Люксембург қор биржасының Euro MTF сауда алаңына сауда-саттыққа жіберілген және 2011 жылы KASE листингіне енгізілген) облигацияларына бұндай ауыстыру әсер етпейді. "Халық Финанс" ЖШҚ (Алматы) "Жайықмұнай" ЖШС эмитентті ауыстыру және KASE листингі бойынша қаржылық кеңес берушілісі болды. Осы бапсасөз-хабарламасының толық нсұсқасы KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1190381 мекен-жайы бойынша жарияланған [2013-04-26]