2013 жылдың 27 мамырында "Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы "Халық-Казахинстрах" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

26.04.13 12:02
/KASE, 26.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы "Халық-Казахинстрах" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) 2013 жылдың 27 мамырында сағат 10:00-де акционерлердің жылдық жалпы жиналысы келесідей күн тәртібінде, болып өтетіні туралы хабарлады: - компанияның 2012 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 2012 жылға таза пайдасын бөлу тәртібін және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау; - акционерлердің компания және оның лауазымды тұлғаларына шағымдары қарау және осындай қараулардың нәтижелері туралы; - компанияның 2013-2015 жылдардың қорытындысы бойынша аудит жүргізетін аудиторлық ұйымын белгілеу. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Абай д-лы, 109в, 10-ші қабат мекен-жайында болып өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 09:30-дан 10:00-ге дейін жүргізіледі. Осы Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2013 жылдың 23 наурызындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 28 мамырында жоғарыда аталған мекен-жай бойынша, сол уақытта болып өтеді. Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтардың материалдарымен Алматы қ., Абай д-лы, 109в, тел.:(727) 259 98 48 (вн. 167), факс: (727) 244 81 82 арқылы таныса алады, е-mail: a.davletova@kis.com.kz, корпоративтік хатшы Альфия Дәулетова. [2013-04-26]