2013 жылдың 27 мамырында "KazTransCom" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

26.04.13 11:20
/KASE, 26.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KazTransCom" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания) 2013 жылдың 27 мамырында сағат 11:00-де акционерлердің жылдық жалпы жиналысы келесідей күн тәртібінде, болып өтетіні туралы хабарлады: - компанияның 2012 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 2012 жылға таза пайдасын бөлу тәртібін және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд көлемін анықтау; - акционерлердің компания және оның лауазымды тұлғаларына шағымдары қарау және осындай қараулардың нәтижелері туралы; - компанияның 2013 жылға аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымын белгілеу. Аталмыш жиналыс: Алматы қ., Радостовец көш./Жамбыл көш., 69/204а мекен-жайында болып өтеді. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 09:30-дан басталады. Осы Жиналысқа қатысуға құқылы акционерлердің тізімі 2013 жылдың 21 наурызындағы жағдай бойынша құрастырылады. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 28 мамырында жоғарыда аталған мекен-жай бойынша, сол уақытта болып өтеді. Акционерлер күн тәртібіндегі сұрақтардың материалдарымен Алматы қ., Радостовец көш./Жамбыл көш., 69/204а мекен-жайы бойынша, тел.: (727) 237 73 60 арқылы таныса алады. [2013-04-26]