"Bank RBK" Банкі" АҚ (KZ2C00001998, INBNb1) және KZP02Y07E461 (KZ2C00002004, INBNb2) облигациялары Қазақстан қор биржасында "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

25.04.13 17:10
/KASE, 25.04.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 21 сәуіріндегі шешімімен "Bank RBK" Банкі" АҚ (Алматы) келесі облигациялары KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді: - KZP01Y03E462 (KZ2C00001998; 1 теңге, 7,0 млрд теңге; 3 жыл; жылдық 8,00 % жарты жылдық купон; 30/360) - KZP02Y07E461 (KZ2C00002004; 1 теңге, 5,0 млрд теңге; 7 жыл; жылдық 9,50 % жарты жылдық купон; 30/360) Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енген датасы туралы, эмитент KASE "Листингілік ережелер" атты ішкі құжатының 18 бабының 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін, қосымша жарияланады. Сондай-ақ, аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттық ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қаржы нарығы жіне қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен 2013 жылғы 15 наурызында, жалпы сомасы 20,0 млрд теңгеге тіркелген, "Bank RBK" Банкі" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы бірінші және екінші шығарылымдары болып табылады. Аталмыш облигациялардың ұстаушыларының өкілі " Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигацияларға INBNb1 және INBNb2 қысқартылған белгілері (сауда-саттық кодтары) берілді. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар, айтылмыш Листингтік комиссиясының шешімі өз күшіне енгеннен кейін KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-04-25]