"Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ Visa халықаралық төлем жүйесін тұғырнамасында "Magic Card" жаңа кредиттік карточкасын іске қосқаны туралы хабарлады

25.04.13 12:50
/KASE, 25.04.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2013 жылдың 24 сәуірінде жолдаған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитата басы "КаР-Тел" ЖШС (Қазақстандағы Beeline сауда маркасы) мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ жаңа өнім – Visa халықаралық төлем жүйесі тұғырнамасындағы "Magic Card" кредиттік карточкасы шығарылғанын хабарлайды. Бұл карточканың бірқатар артықшылықтары бар. "Magic Card" карточкасын сатып алу арқылы клиенттер сауда және сервис желілерінде 50 күнге дейін пайызсыз кредит пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге мынадай бонустық топтамалардың бірін таңдай алады: 1. Beeline желісінде 1000 тегін минут, 2. 500 Mb мобильдік интернет және Beeline желісінде 500 sms, 3. 1 Гб мобильдік интернет. "Halyk" бонустық клубының серіктес – компанияларында сатып алу немесе қызмет ақысын "Magic Card" карточкасымен төлеу арқылы оны ұстаушы сатып алу құнынан пайыздармен есептелетін бонустар алады, олар кейін карточкаға есепке алынады. Жинақталған бонустармен кез-келген Beeline абоненттік шотын толтыруға болады. цитата соңы Осы баспасөз-мәлімдемесінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: - қазақ тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_240413_kz.pdf мекен- жайы бойынша; - орыс тілінде – http://www.kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_reliz_240413.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-04-25]