"KEGOC" АҚ (Қазақстан) 2013 жылдың бірінші тоқсанына өз қызметінің нәтижелері туралы хабарлады

25.04.13 10:29
/KASE, 25.04.13/ – "KEGOC" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына 2013 жылдың 17 сәуірінде жолдаған баспасөз-мәлімдемесінде былай деп хабаралады: Қазақстанның Бірыңғай электроэнергетикалық жүйесінің (БЭЖ) жүйелік операторы "KEGOC" АҚ, 2013 жылдың І тоқсанына аудит жүргізілмеген алдын ала қаржылық және қызметінің операциялық нәтижелерін жариялайды. Алдын ала мәліметтер бойынша, І тоқсанда кірістер 22 миллиард теңгеге жетті, бұл 2012 жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 2,73 млрд. теңгеге артты. Аталмыш кезеңдегі "KEGOC” АҚ пайдасы 3,8 млрд. теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың көрсеткішінен 69% артық. Осы баспасөз-мәлімдеменің орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1190189 мекен-жайында танысуға болады. [2013-04-25]