"KazTransCom" АҚ (Қазақстан) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензияның қосымшасын алғаны туралы хабарлады

23.04.13 15:21
/KASE, 23.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KazTransCom" АҚ (Алматы) Қазақстан Республикасының Аймақтық даму Министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық істер жөніндегі комитеті 2005 жылдың 08 қыркүйегінде берген нөмірі 000458, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге аыруға рұқсат беретін лицензияның көшірмесін және осы лицензияның, Қазақстан Республикасының Аймақтық даму Министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық істер жөніндегі комитеті 2023 жылдың 12 сәуірінде берген қосымшасының көшірмелерін биржаға ұсынды. Лицензияға қосымша "KazTransCom" АҚ лицензияланған қызмет түрлерінің келесідей қосымша қызметтерді жүзеге асыруға рұқсат береді: - Инженерлік желілер мен жүйелердің құрылысы және қайта құруы, сондай-ақ күрделі жөндеу жұмыстары, соның ішінде: - Электрмен қамту желілеррі, және сыртқы электржарығын жүргізу эәне электржылыту жүйелері - Суық және ыстық сумен қамту желілері, жылумен қату, орталықтандырылған тұрмыстық, өндірістік және нөсерлік ағымдардың канализациясы, ішкі су құбырларының, жылу және канализацияның орнатылуы - Технологиялық жабдықтардың монтажы, келесідей іске қосу-баптау жұмыстары: - Байланыс, апатқа қарсы қорғаныс, бақылау және дабыл жүйелері, транспорттағы оқшаулау, электроэнергетика және сумен қамту нысандары және өзге де өмірқамтамасыз ету нысандары, сондай-ақ өндірістік қажеттіліктегі есептеуіш және бақылау приборлары - Линиялық құрылыстардың жүргізу бойынша рнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары, соның ішнде күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстары, сондай-ақ: - Жалпы республикалық және халықаралық байланыс линиялары мен телекоммуникациялар - Грунтпен жұмыс жүргізу, соны ішінде: - Негіздемесін құру - Ғимараттардың салмақ түсетін және (немесе) шектейтін контрукциялары (соның ішінде көпірлер, транспорттық эстакадалар, тоннельдер мен жол өтпелері, күрделі жөндеу және қайта құру жұмыстарымен қоса, соның ішінде: - Монолиттік, сондай-ақ жиналмалы бетонды және темірбетонды конструкциялар, қабырғалардың және қалқандардың кірпішін қалау және ойықтарды толтыру - Төбе жабу жұмыстары - Металлды конструкцияларды монтаждау - Мұнаралық және мачталық тұрпаттағы құрылыс конструкцияларын, түтін құбырларын монтаждау. [2013-04-23]