"KazTransCom" АҚ (Қазақстан) жобалық қызметін жүзеге асыруға лицензияның қосымшасын алғаны туралы хабарлады

23.04.13 14:42
/KASE, 23.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "KazTransCom" АҚ (Алматы) Қазақстан Республикасының Аймақтық даму Министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық істер жөніндегі комитеті 2005 жылдың 08 қыркүйегінде берген нөмірі 07811, жобалық қызметті жүзеге аыруға рұқсат беретін лицензияның көшірмесін және осы лицензияның, Қазақстан Республикасының Аймақтық даму Министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй - коммуналдық істер жөніндегі комитеті 2023 жылдың 12 сәуірінде берген қосымшасының көшірмелерін биржаға ұсынды. Лицензияға қосымша "KazTransCom" АҚ лицензияланған қызмет түрлерінің келесідей қосымша қызметтерді жүзеге асыруға рұқсат береді: - Транспорттық инфрақұрылым, байланыс және коммуникациялар, технологиялық жобалауы (құрылыс жобаларының технологиялық бөлімін әзірлеу) соның ішінде қызмет көрсету: - Байланыстың жалпы республикалық және халықаралық линияларын (соның шінде спутниктік) және телекоммуникациялардың басқа түрлері; - Жергілікті байланыс, радио,- телекоммуникациялары. - Инженерлік жүйелер мен желілерді жобалау, соның ішінде: - Ішкі және сыртқы 0,4 кВ және 10 кВ дейін электржарығымен, электрмен қамту. - Ішкі аз токты құралдарының жүйелері (телефонизация, өрт-күзет дабылы), сондай-ақ сыртқы желілер. - Қала құрылысын жобалау (тарихи құрылыс аудандарында қала құрылысының қайта құрылуын жабалау құқығымен, тарихи және мәдени ескерткіштердің ғылыми-реставрациялық жұмыстарын қоспағанда): - Елді мекендерің телекоммуникациялық және байланыс сызбалары, инфрақұрылым нысандарын және ақпарат көздерін көрсетуімен. [2013-04-23]