"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ "Исткомтранс" ЖШС (Қазақстан) XS0918292151 (ECTRe1) халықаралық облигацияларын орналастыру нәтижелері туралы мәлімдеді

23.04.13 12:09
/KASE, 23.04.13/ – "Исткомтранс" ЖШС (Алматы) халықаралық облигацияларыныңлокальды лид-ұйымдастырушысы болып табылатын, "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйым) (Алматы, тақырыптамада – "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ), Қазақстан қор биржасына (KASE) жолдаған ақпараттық хабарламасында былай деп мәлімдеді: Қазақстан Республикасының транспорттық нарығындағы ірі теміржол операторы болып табылатын, "Исткомтранс" ЖШС (бұдан әрі – Компания) Лондондық және Қазақстан қор биржаларында еурооблигацияларының дебюттік шығарылымын орналастыруды жүзеге асырды. 2013 жылдың сәуірінде Компания Азияның инвесторына арналған еурооблигацияларды орналастыру бойынша "road show" өткізді. Шығарылым көлемі 100 млн. АҚШ долларын құрады, айналыста болу мерзімі 5 жыл, купон мөлшерлемесі жылдық 7,75%. Шығарылған еурооблигацияларға халықаралық рейтингілік агенттіктер мынадай рейтингтерін берді: Moody’s – "В3" рейтингі, тұрақты. Fitch – "В" рейтингі, тұрақты. Reg S ережесі бойынша мәміленің ұйымдастырушылар BNP Paribas, HSBC және "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ ЕҰ) болды. Шығарылым институционалдық инвесторлар тарапынан айтарлықтай қызығушылық танытты, және орналастыру азайтылған баға диапазонының төменгі шегімен жүзеге асты, бұл Компанияның экономиканың жеке меншік секторындағы қызықты және перспективалы несие алушы ретінде мәртебесін қайта дәлелдегенін білдіреді. Компания қызметінің аясыда – жүк тасымалдау, логистика. Компания Қазақстан Республикасында жүк тасымалдау вагондарының операциялық нарығындағы жетекші жайғасымында орын алды. "Исткомтранс" ЖШС – Қазақстандағы меншікті жылжымалы составтың операторы, Компанияның клиенттік базасына жетекші отандық және халықаралық компанияла кіреді. Облигацияларды орналастырудан қаржылар қарыздарды өтеп, жаңа жылжымалы состав сатып алуға жұмсалмақ Облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE веб- сайтында: http://www.kase.kz/ru/emitters/show/ECTR мекен-жайында жарияланған. Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE веб-сайтында: http://www.kase.kz/ru/news/show/1189940 мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-04-23]