"Сарыарка" ӘКК" ҰК" АҚ (Қазақстан) Қарағанды облысының Үлкенжол кен орнында марганец рудаларын барлау жүргізуге келісімшартын тіркегені туралы хабарлады
22.04.13 16:49
/KASE, 22.04.12/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Сарыарка" ӘКК" ҰК" АҚ (Қарағанда), биржаға жолдаған
баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады:
"Сарыарка" ӘКК" ҰК" АҚ (бұдан әрі – Эмитент) жер қойнауын пайдалану
шарттарында өзгертулер енгізілгені туралы хабарлайды:
2013 жылдың 12 сәуірінде, Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы
Үлкенжол кен орнында марганец рудаларын барлау жүргізу бойынша
жасалған, ҚР ИЖТМ және Эмитент (Жер қойнауын пайдаланушы) арасында
жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізуге Келісімшарты
мелекеттік тіркеуден өтті. Пайдалы қазба: марганец рудасы. Тіркеу нөмірі
4203-ТПИ.
[2013-04-22]