"Кселл" АҚ (Қазақстан) 2013 жылдың бірінші тоқсанындағы өз қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

22.04.13 15:43
/KASE, 22.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2013 жылдың 19 сәуірінде биржаға жолдағанбаспасөз мәлімдемесіде былай забарлады: "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (LSE, KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы кірісінің көлемі мен абоненттік базасы бойынша жетекші оператор – 2013 жылдың бірінші тоқсанына өз қызметінің аудит жүргізілмеген нәтижелерін жариялайды. Бірінші тоқсан - кіріс деңгейі 4.0 пайызға көбейіп, 43,053 миллион теңгені құрады (41,397). - EBITDA көрсеткіші, біржолғы шығындарды қсопағанда, 1.2 пайызға ұлғайып, 23,728 миллион теңгені құрады (23,454). - EBITDA рентабельділігі 55.1 пайызға дейін төмендеді (56.7). - негізгі қызметі бойынша кірісі, біржолғы шығындарды қоспағанда 2.1 пайызға артып, 17,956 миллион теңгені құрады (17,590), - таза пайда 2.5 пайызға көбейіп, 13,656 миллион теңгені құрады (13,325). - еркін ақша ағымы 11,026 миллион теңгеге дейін азайды (15,227). - Клиенттік база 310,000 абонентке көбейіп, пайдаланушылар саны 13.8 миллион абонентке жетті. Осы баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасымен KASE веб-сайтеында http://www.kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_190413.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады [2013-04-22]