19 сәуірден бастап биржада Еуразиялық даму банкінің KZP02Y05E382 облигациялары "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында айналымға жіберіледі

19.04.13 13:03
/KASE, 19.04.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2013 жылдың 19 сәуірінен бастап KASE Еуразиялық даму банкінің KZP02Y05E382 (1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 5 жыл; облигацияларды орналастыру бойынша бірінші аукционның қорытындысы бойынша анықталған жылдық купон, 30/360) облигациялары "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторында айналымға жіберіледі Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау комитетімен 2012 жылдың 11 желтоқсанында тіркелген Еуразиялық даму банкінің жалпы сомасы 150,0 млрд теңге бірінші облигациялық бағдарламасының екінші шығарылымы болып табылады. Аталмыш облигацияларға EABRK250418 сауда-саттық коды берілді. Сауда-саттық ашылуы туралы KASE сауда-саттық жүйесінде қосымша жарияланады. Аталмыш облигацияларды орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық биржада 2013 жылдың 25 сәуірінен бастап өткізіледі. 2013 жылдың 17 сәуіріндегі " 25 сәуірде биржада еуразиялық даму банкінің KZP02Y05E382 облигацияларын орналастыру бойынша арнауйы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" деген KASE жаңалығы http://www.kase.kz/news/show/1189447 мекен-жайында жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabrf9_2013.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Облигациялық бағдарламалардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/EABR/eabrf4_2012.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-04-19]