ҚҰБ ҚҚК "СЕНІМ БАНК" АҚ (Қазақстан) акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есеп берушілігін бекітті

18.04.13 17:15
/KASE, 02.04.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "СЕНІМ БАНК" АҚ (Алматы обл, бұдан әрі – банк), Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 11 наурыздағы хабарламасының көшірмесін биржаға ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес: - ҚҰБ ҚҚК банк акцияларын орналастыру туралы есеп берушілігін бекітті; - Шығарылым 8 500 000 жай және 2 000 000 артықшылықты акцияларға бөлінді; - банк акцияларының шығарылымы Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне А3586 нөмірімен енгізілді; - 2012 жылдың 28 қыркүйектегі жағдай бойынша банктің 3 588 203 жай және 600 000 артықшылықты акциялары орналастырылды, жарғылық капитал 4 188 298 400 теңге көлемінде құрастырылды. [2013-04-18]