2013 жылдың 16 мамырында "Батыс транзит"АҚ (Қазақстан) акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болады

17.04.13 17:19
/KASE, 17.04.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит"АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2013 жылдың 16 мамырында сағат 11:00 компания акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - 2012 жылға компанияның жылдық қаржылық есебін бекіту; - компанияның таза табысын бөлу тәртібін анықтау, компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту; - 2012 жылдағы компанияның Директорлар кеңесінің қызметі туралы есеп беру. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Алматы қ., Шевченко көш., 162ж, 501 каб. [2013-04-17]