"Жайықмұнай" ЖШС (Қазақстан) жол - жөнекей өтетін газды рұқсатсыз пайдаланғаны үшін 1,8 млрд теңге зиян сомасын өтеу туралы талап арыз алғаны туралы хабарлады

16.04.13 17:46
/KASE, 17.04.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Жайықмұнай" ЖШС (Орал) биржаға (KASE), ресми хатпен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің геология және жер қойнауын пайдалану коитетінің Батыс қазақстан аймақаралық департаментінен 2013 жылдың 11 сәуірінде 30895,72 мың шаршы метр жол-жөнекей өтетін газды рұқсатсыз пайдаланғаны үшін 1 758 171 972 теңге сома қаржыны "Жайықмұнай" ЖШС өтеуі туралы сотқа бергені туралы талап арыз алды. Басшылық талаптың негізсіз екендігін, инвесторларға ықпал етуге мүмкіндігі жоқ екендігін хабарлады. [2013-04-16]