"Батыс транзит" АҚ (Қазақстан) өзінің KZ2CKY13B996, KZ000A0T88N8 (BTTRb1) облигациялары бойынша 7-ші купонын төлеуі туралы хабарлады

16.04.13 15:55
/KASE, 16.04.13/ – "Батыс транзит" АҚ (Алматы) 2013 жылдың 15 сәуірінде өзінің инфрақұрылымдық KZ2CKY13B996 (KZ000A0T88N8, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санаты, BTTRb1; 100 теңге, 18 830,0 млн теңге, 30.03.06 – 30.03.19; инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, есептік купондық кезеңге жылдық 8,60 %, 30/360) облигациялары бойынша жетінші купондық сыйақысын төлеуі туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлап, ресми хат жолдады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 1 204 631 040 теңгені құрады. KASE "Биржалық ақпараттарды тарату Ережелері" атты ішкі құжатына сәйкес, KASE мүшелері және биржада айналысқа жіберілген бағалы қағаздардың эмитенттері туралы KASE тарататын жалпы ақпараттың растығына, егер аталмыш ақпараттар осы мүшелер мен бағалы қағаздар эмитенттерінің KASE алдында міндеттерін орындауына орай ұсынған хабарламалар мен құжаттарға негізделсе, KASE жауапты болмайды. Осы ақпаратты өндіргенде KASE аталмыш хабарламалар мен құжаттардың растығын тексермейді. Осы хабарламада жарияланған ақпаратты жоққа шығаруды қалаған тұлға, биржаға тиісті ресми хат жолдауы тиіс. [2013-04-16]