"КАЗТРАНСОЙЛ" АҚ (ҚАЗАҚСТАН) АКЦИОНЕРЛЕР ҮШІН ДИВИДЕНД ТӨЛЕУ ТУРАЛЫ ТҮСІНКТЕМЕНІ ЖАРИЯЛАДЫ

16.04.13 10:51
/KASE, 16.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "КазТрансОйл" АҚ (Астана) өзінің ресми сайтында өзінің акционерлері үшін дивиденд төлеу туралы түсініктемені жариялады, сонымен қатар төмендегі хабарламаны ұсынады: цитата басы "КазТрансОйл" АҚ 2013 жылдың мамыр айында акционерлердің жылдық жиналысын өткізуді жоспарлап отыр. Қазақстан Республикасының "акционерлік қоғам туралы" заңының 36 бабы, 1 тармағына сәйкес және "КазТрансОйл" АҚ жарғысының 10 бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар шешімдер қабылдайды: - "КазТрансОйл" АҚ 2012 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту туралы, - жай акциялар бойынша дивиденд төлеу және көлемін бір жай акцияға есептей отырып, дивиденд көлемін анықтау туралы. "КазТрансОйл" АҚ акционерлерінің жалпы жылдық жиналысы қарсаңында Акционерлік қоғамға жеке инвесторлардан акционерлердің жалпы жиналысына қатысу шарттарына қатысты түрлі сұрақтар түсе бастады. "КазТрансОйл" АҚ акционерлер үшін жиі қойылатын сұрақтарға жауап ретінде түсіндірме әзірледі. цитата соңы "КазТрансОйл" АҚ түсіндірмесі http://kaztransoil.kz/ru/press-center/press-releases/press-relizi/poiasnenie_dlia_akcionerov_o_viplate_dividendov/ мекен-жайында жарияланған. [2013-04-16]