"Альянс Банк" АҚ (Қазақстан) Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер туралы хабарлады

15.04.13 17:28
/KASE, 15.04.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Альянс Банк" АҚ (Алматы) биржаға (KASE), ресми хатпен төмендегіні хабарлады: цитата басы 2013 жылдың 12 сәуірінде "Альянс Банк" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы мынадай шешім қабылдады: 1. "Альянс Банк" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесінің уәкілеттігін "Самұрық- Қазына" АҚ мүдделерін қорғаушы өкілі Балғарин Ерлан Ертөстікұлының уәкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. 2. "Самұрық-Қазына" АҚ мүдделерін қорғаушы өкілдері, "Альянс Банк" АҚ Директорлар кеңесінің төмендегі мүшелері сайланды: - Көшкімбаева Мира Аманқұлқызы; - Ахметқалиева Жұлдыз Серікқалиқызы. цитата соңы [2013-04-15]