"Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2013 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін биржаға ұсынды

15.04.13 17:01
/KASE, 15.04.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ (Астана, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілім жүйесінің 2013 жылдың 01 сәуіріндегі жағдайы бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған (тек KZ1C35200019 жай акциялары) акцияларының жалпы саны 36 692 361 дана; - компанияның барлық акциялары орналастырылған; - Банктің жалғыз акционері және, тиісінше, орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан көп пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" АҚ (Астана) болып табылады. [2013-04-15]