12 сәуірде Қазақстан қор биржасында "REAL-INVEST.kz" қаржы компаниясы" АҚ (Қазақстан) өзінің 604,6 млн KZ2C0Y05C747 (KZ2C00000289, REALb1) облигациясын жылдық 10,0% орналастырды
12.04.13 17:58
/KASE, 12.04.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде
"REAL-INVEST.kz" қаржы компаниясы" АҚ (Алматы) субординацияланған
KZ2C0Y05C747 (KZ2C00000289, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы
бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, REALb1; 1 теңге, 5,0 млрд теңге;
30.05.08 – 30.05.13, индекстелген жарты жылдық купон 10,00 %; 30/360)
облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған
сауда-саттық өтті.
Эмитент сауда-саттықта KZ2C0Y05C747 1 895 160 800 облигациясын
орналастыруды жоспарлаған (осы шығарылымның жарияланған
облигацияларының жалпы санының 50,0 %).
Бағалы қағаздың номиналды құнының үтірден кейін төртінші таңбасына
дейін дәл көрсетіліп, пайызбен берілген облигациялардың "таза бағасы"
(жиналған сыйақыны есептемегенде) сауда-саттықтың мәні болды.
Орналастыруға қатысу туралы өтінімдер жабық әдіспен алматы уақытымен
(ALT) 11:30 бастап 13:00 дейін берілді. Сауда-саттыққа тек шектелімді
өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру
тәсілі – кесімді баға бойынша немесе сатушыға ұтымдырақ болып
табылатын өтінім бағасымен. Есептесу схемасы – Т+0.
Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар төрт өтінім берді, солардың
ішінде 604 839 200 облигация сатып алуға берілген өтінімдер өтінімдер
қабылдау кезеңінінің аяқталу сәтінде белсенді болып қалды. Осылайша,
сауда-саттықтағы сұраныс ұсыныстың 31,9 % құрады. Берілген
өтінімдердегі "таза баға" 99,9740 % (жылдық 9,9997 %) тең болды.
Белсенді өтінімдердің барлық көлемі брокерлік-дилерлік компаниялардың
үлесінде болды.
Сауда-саттықтың нәтижелері бойынша эмитент кесімді бағаны көрсетілген
деңгейде бекітті, және барлық облигацияларды толық көлемде
қанағаттандырды. Осы орайда тартылған сома 626 663 938,11 теңгені
құрады.
[2013-04-12]