ҚҰБ ҚҚК "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASTb3) облигацияларының орналастыру нәтижелері туралы есебін бекітті

12.04.13 15:35
/KASE, 12.04.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ (Астана), биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 20 наурыздағы ескерту хатының көшірмесін ұсынды. Аталмыш құжатқа сәйкес ҚҰБ ҚҚК "ҚАЗЭКСПОРТАСТЫҚ холдингі" АҚ KZ2C0Y05E065 (KZ2C00001634, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KASTb3; 1 000 теңге, 40,0 млрд теңге; 18.07.11 – 18.07.16; жарты жылдық купон жылдық 8,50 %; 30/360) облигацияларының орналастырылу нәтижелері туралы есебін бекітті. ҚҰБ ҚҚК ескертпе хатына сәйкес 2013 жылдың 17 қаңтарында аталмыш облигациялардың 39 963 890 данасы орналастырылды. Осы облигациялардың орналастырылуы нәтижелері туралы есеп KASE веб- сайтында http://www.kase.kz/files/emitters/KAST/kast_razmb3_200313.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-04-12]