"Баян Сұлу" АҚ (Қазақстан) өзінің 1,9 млрд теңге мүлкін кепілдікке бергені туралы хабарлады

12.04.13 12:37
/KASE, 12.04.13/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Баян Сұлу" АҚ (Қостанай) биржаға (KASE) төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Акционерлік қоғамның бес және одан да көп пайыз активтерін құрайтын мүлкін кепілдікке "қайта кепілдікке беру) туралы ақпарат: 1) акционерлік қоғамның мүлкін кепілдікке беру (қайта кепілдікке беру) туралы шешім қабылдауы: 2013 жылдың 11 ақпаны, №3 хаттама; 2) акционерлік қоғамның мүлкін кепілдікке беру (қайта кепілдікке беру) күні және мерзімі: айналымдағы товар айналымы кепілдігі келісімшарты 2013 жылдың 08 сәуірі № 13/13/z, 2019 жылдың 10 қаңтарына дейін; 3) акционерлік қоғамның мүлкін кепілдікке (қайта кепілдікке беру) беретін мүлік құны 1 906 652 621 (бір миллиард тоғыз жүз алты миллион алты жүз елу екі мың алты жүз жиырма бір) тенңге; 4) акционерлік қоғамның мүлкін кепілдікке (қайта кепілдікке беру) күні: 2012 жылдың 08 қарашасы және 06.12.2012 жыл; 5) кепілдікке берілетін (қайта берілетін) мүлік құнының пайыздық қатынасы, осы акционерлік қоғамның жалпы құнына: 11,1%. цитата соңы [2013-04-12]