ҚҰБ ҚҚК "AMF Group" АҚ (Қазақстан) KZ2C0Y07D139 (KZ2C00000941, AKFIb2) облигацияларын 2012 жылдың 27 қыркүйегінен 2013 жылдың 27 ақпанына дейінгі кезеңде орналастырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды

10.04.13 15:14
/KASE, 10.04.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AMF Group" АҚ (Астана) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 03 сәуірдегі хатының көшірмесін ұсынды, осы хатқа сәйкес "ҚҰБ ҚҚК "2012 жылдың 27 қыркүйегінен 2013 жылдың 27 ақпанына дейінгі кезеңде "AMF Group" АҚ бірінші облигациялық бағдарламасы аясындағы екінші шығарылым облигацияларын орналастыру жүзеге асырылмағаны туралы мәліметтерді есепке алды". ҚҰБ ҚҚК ақпараттарына сәйкес, 2013 жылдың 27 ақпанындағы жағдай бойынша аталған облигациялардың 5 200 данасы орналастырылмаған. Аталған облигациялар KZ2C0Y07D139 (KZ2C00000941, AKFIb2; 1 000 тенге, 700,0 млн тенге, 27.02.09 – 27.02.16; жылдық 6,60 % жарты жылдық купон; 30/360) KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы жоқ бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілген. [2013-04-10]