KASE капиталындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысу үлдесін ұлғайту туралы

04.04.13 18:06
/KASE, 04.04.13/ – Қазақстан қор биржасынның (KASE) Биржалық кеңесінің 2013 жылдың 02 сәуіріндегі шешімімен, Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңының 84 бабының 2 тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысу үлесі KASE дауыс беретін акцияларының жалпы санынан елу пайызынан асуы тиіс), KASE капталындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысу үлесін ұлғайты мақсатында, 2012 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылға KASE аудит жүргізілген шоғырландырылған қаржылық есеп берушілігінің мәліметтері бойынша акцияның теңгерімдік құнынан шыға отырып, KASEакцияларының орналастыру бағасы анықталады деп бекітілді. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес (Қазақстан Республикасының "2012 жылдың 25 қарашасындағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңшығарушы актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" № 57-V заңының 2 бабының 4 тармағы), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі KASE капиталындағы үлесін тиісті деңгейге дейін ұлғайтуды артықшылықты тәртіпте жүзеге асырады. Аталмыш заңмен қарастырылған, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің биржа капиталындағы қатысу үлесін тиісті деңгейге жеткізу мақсатында KASE акцияларын орналастыру шарттары, Биржалық кеңес тиісті шешім қабылдағаннан кейін жарияланады. [2013-04-04]