2013 жылдың 20 мамырында "Қазақтелеком" АҚ (Қазақстан) акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болады

05.04.13 16:52
/KASE, 05.04.12/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақтелеком" АҚ (Алматы, бұдан әрі – компания), 2013 жылдың 20 мамырында сағат 15:00 компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы болатыны туралы биржаға хабарлады, аталмыш жиналыстың күн тәртібінде: - компанияның 2012 жылға қаржылық есеп берушілігін бекіту; - компанияның 2012 жылғы таза табысын бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивдендтерді төлеу және компанияның бір жай акциясына шаққанда дивиденд мөлшерін бекіту; - 2012 жылы компания акционерлерінің компания және оның лауазымды тұлғаларының қызметіне шағымдарын қарастыру; - 2012 жылдағы жұмыстың қорытындылары бойынша тәуелсіз директорларға қосымша сыйақы төлеу; - "Эрнст энд Янг" ЖШС компаниясының жылдық қаржылық есебін жүргізуші аудиторлық ұйымының 2013-2015 аудиторлық ұйым болуын анықтау. Аталмыш жиналыс өтетін мекен-жайы: Астана қ., Сауран көш, 12, мәжіліс залы. Жиналысқа қатысушылардың тіркеуі сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі. Осы жиналысқа қатысу құқығы бар акционерлердің тізімі 2013 жылдың 20 сәуіріндегі жағдай бойынша құрастырылған. Кворум жиналмаған жағдайда компания акционерлерінің қайталама жиналысы 2013 жылдың 31 мамырында сол уақытта жоғарыда аталған мекен-жай бойынша өткізіледі. Акционерлер аталмыш жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелердің материалдарымен жиналыстың өтуіне кемінде он күн қалғанда Астана қ., Сауран көш, 12, мәжіліс залы, тел.: (717) 255 26 63; Алматы қ., Фурманов көш., 240б, тел.: (727) 258 74 67 мекен-жайлары бойынша таныса алады. [2013-04-05]