Zhaikmunai International B.V. (Нидерланд Корольдігі) USN97716AA72, US98953VAA08 (NL_ZHMNe2) халықаралық облигациялары 04 сәуірденн бастап KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша енгізілді

04.04.13 17:23
/KASE, 04.04.13/ – Бұдан бұрын жарияланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 02 сәуірдегі шешімімен KASE ресми тізіміне "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты бойынша Zhaikmunai International B.V. (Амерсфорт) "Жайықмұнай" ЖШС USN97716AA72, US98953VAA08 ($560,0 млн; 13.11.12 – 13.11.19, жылдық 7,125 % жартыжылдық купон; 30/360) облигациялары енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 04 сәуірінен бастап өз күшіне енді. Аталмыш облигациялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады. Аталмыш облигациялардың ұстаушылар өкілі Citigroup Global Markets Deutschland AG болып табылады. Аталмыш облигацияларға қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) NL_ZHMNe2 берілген. Осы облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпараттар KASE веб-сайтында 2013 жылдың 04 сәуірдегі http://www.kase.kz/ru/emitters/show/nl_zhmn мекен-жайы бойынша жарияланады. [2013-04-04]