"Айдала Мұнай" АҚ KZ1C58370012 (KZ1C00000918, ADLA) жай акциялары 04 сәуірден бастап KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді

04.04.13 16:58
/KASE, 04.04.13/ – Бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2013 жылдың 04 сәуірдегі шешімімен "Айдала Мұнай" АҚ KZ1C58370012 (ISIN – KZ1C00000918) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингтік комиссиясының бұл шешімі, эмитенттің "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағындағы шарттарды орындауына байланысты, 2013 жылдың 04 сәуірдегі бастап өз күшіне енді. Аталмыш жай акциялар бойынша KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша жарияланады "Айдала Мунай" АҚ қаржылық кеңесшісі "АСЫЛ-ИНВЕСТ" (Алматы) АҚ болып табылады. Аталмыш жай акцияларға ADLA қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді Осы акциялардың шығарылымы туралы толық ақпарат KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/emitters/show/adla мекен-жайы бойынша 15 наурызда жарияланады. [2013-04-04]