EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC Компаниясы (ENRC, Біріккен Корольдігі) Павлодар облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы қол қойғаны туралы хабарлады

03.04.13 14:10
/KASE, 03.04.13/ – Жай Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC Компаниясы (Лондон) биржаға (KASE) 2013 жылдың 01 сәуірінде баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы ENRC (Еуразиялық табиғи ресурстар корпорациясы) Павлодар аймағының әлеуметтік саласының дамуын қайтадан қолдайды. Бүгін ENRC PLC бас атқарушы директоры Феликс Вулис және Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумның жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден асады. Қаржыландыру «ENRC Көмек» корпоративтік қоры арқылы, сондай-ақ ENRC-дің құрамына кіретін «Қазхром» ТҰК» АҚ, «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ мен «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ арқылы жүзеге асырылады. Меморандум талаптарына сәйкес компания тараптармен іріктелген және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спортқа бағытталған жобаларды қаржыландырады. Қоғамдық бірлестіктер мен тұрғындардың аз қамтылған бөлігіне қолдау көрсететін мекемелерге көмек көрсетіледі. Барлық тізім бойынша 50-ден аса атаулы көмек пен жоба бар. Олардың арасында ерекше әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысын қаржыландыруды атап өткен жөн. Бұл Павлодар қаласында жаттығулар мен жарыстарды өткізу үшін спортта дарынды балаларға жүзу бассейнінің құрылысына, Ақсу қаласындағы «Спорттық-сауықтыру кешені» инвестициялық жоба құрамында жазғы ойын алаңын жайластыруына демеушілік көмек, осыған 900 млн теңге қарастырылды. Дәстүрге айналған білім беру және арнайы мамандандырылған балалар мекемелеріне көмек көрсету жалғастырылады. Баянауыл ауданындағы Үшқұлын мектебі, Павлодардағы балалар бақшасы, отбасылық балалар ауылы, мүмкіндіктері шектеулі балаларды оңалту облыстық орталығы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, жабдықтар мен жиһаздар сатып алуға қайырымдылық көмек алады. Бұрынғыдай, ардагерлерге, мүгедектерге көп балалы отбасыларға және басқа да әлеуметтік қорғалмаған қалың бұқара топтарға көмек көрсету – меморандумда бұрынғыдай басыңқы орын алады. Сонымен қатар, Ақсу қаласының әкімдігіне компания өзі 90 млн теңге жұмсап салған тұрғын үйлердің сыртқы инженерлік желілері ақысыз тапсырылады. «Павлодар облысында біздің ондаған мың әріптестеріміз жұмыс істейді, аймақтың дамуы және оның тұрғындарының аман-саулықта болуы корпорация әлеуметтік саясатының аса маңызды артықшылықтарының бірі болып табылады. Біз бұдан әрі де біздің бірлескен жобаларымызды жүзеге асыру үшін, барлық күш жігеріміді саламыз», - деп атап өтті қол қою рәсімінде Феликс Вулис. Соңғы тоғыз жыл бойы ENRC жыл сайын Топ кәсіпорындары орналасқан еліміздің төрт аймағында барынша маңызды әлеуметтік-экономикалық жабаларды қаржыландырып келеді. Бұрын ENRC Қостанай және Қарағанды облыстарының атқарушы органдарымен 2013 жылға ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. Алдымызда – Ақтөбе облысы әкімшілігімен ұқсас келісім жасау кезекте тұр. Төрт аймақ бойынша ағымдағы жылға барлық ENRC копорациясының қаржылық көмек соммасы 4,4 млрд теңге шамасын құрастырды. Қосымша мәліметтер үшін: ENRC Қазақстан, Астана қ., Корпоративтік коммуникациялар Департаменті т/ф. +7 (7172) 59 21 53 press@kz.enrc.com ENRC PLC, Лондон қ. Юлия Кальчева Жұртшылықпен байланыс бөлімі басшысының орынбасары т/ф. +44 (0) 20 73891861 julia.kalcheva@enrc.com цитата соңы [2013-04-03]