"Caspian Beverage Holding" АҚ KZ2C0Y05C861 (KZ2C00000016, CBH_b1) облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

03.04.13 11:44
/KASE, 03.04.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 03 ссәуірінен бастап "Caspian Beverage Holding" АҚ (Алматы) KZ2C0Y05C861 (KZ2C00000016, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, CBH_b1; 1 тенге, 500,0 млн тенге; 03.04.08 – 03.04.13, жарты жылдық купон жылдық 12,00 %; 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды. Аталмыш облигациялар Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының арнайы сауда алаңы орталығының ресми тізіімне "С" санаты бойынша 2008 жылдың 03 сәуірінен бастап енгізіліп, 2009 жылдың 09 қарашасынан бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингтік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына ауыстырылды., ал 2010 жылдың 23 желтоқсанына бастап, KASE ресми тізімінің "Рейтингтік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда- саттығы 2008 жылдың 12 маусымында ашылған. Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 17,00 және 40,02 % аралығында құбылды. 2012 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 189-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,01%) және корпоративтік облигациялардың осыған ұқсас рейтингінде 128- ші жайғасымға иеленді (0,02 %). [2013-04-03]