"AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Қазақстан) 2012 жылдың қорытындысы бойынша Биржада "Мемлекеттік бағалы қағаздар биржалық нарығы лидері" номинациясы бойынша "күміс" диплом алғаны туралы хабарлады

03.04.13 10:27
/KASE, 03.04.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) ақпараттық хабарламасын ұсынды: 2013 жылдың 29 наурызында Алматыда Қазақстан қор биржасы (KASE) биржаның 2012 жылғы үздік мүшелерін анықтады. "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ "Мемлекеттік бағалы қағаздар биржалық нарығы лидері" номинациясы бойынша "күміс" диплом алып, сондай мәртебеге ие болды.Бұл аталған номинация бойынша "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ алғашқы марапаты болып табылады, ол банк жұмысының табыстылығын, Қазақстан Республикасының қор нарығында бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде белсенділігін көрсетеді. [2013-04-03]