"Айдала Мұнай" АҚ (Қазақстан) KZ1C58370012 (KZ1C00000918, ADLA) жай акциялары үшінші санат бойынша биржада листинг процедурасынан өтті

02.04.13 17:50
/KASE, 02.04.12/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2012 жылдың 30 қарашадағы шешімімен "Айдала Мұнай" АҚ KZ1C58370012 (ISIN – KZ1C00000918) жай акциялары KASE ресми тізіміне үшінші санат бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның осы шешімі өз күшіне енетін күні туралы,аталған акцияларды шығару бастамшысы аталмыш эмитент "Листингілік ережелер" атты KASE ішкі құжатының 18 бабы 1 тармағында белгіленген шарттарды орындағаннан кейін қосымша жарияланады. KASE аталмыш акциялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қосымша хабарланады. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Қаржы нарығын бақылау және қадағалау комитетінің бағалы қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы 2010 жылдың 08 желтоқсандағы куәлігіне сәйкес "Айдала Мұнай" АҚ жарияланған акцияларын шығару 150 00 жай акцияға бөлініп, KZ1C58290012 ұлттық сәйкестендіру номері берілді. Шығарылым А5837 номерімен эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне енгізілді. "Айдала Мұнай" АҚ қаржылық кеңесшісі "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ(Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың қысқаша атауы (сауда коды) ADLA. "айдала Мұнай" АҚ негізгі қызметі - мұнай, газ және газ конденсаттық кен орындарын пайдалану және өңдеу. Осы облигациялардың шығарылымы туралы нақтырақ ақпарат, Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін, KASE веб-сайтында жарияланады. [2013-04-02]