"Альянс Банкі" АҚ (Қазақстан) 2013 жылғы өз қызметінің нәтижелері туралы мәлімдеді

14.05.12 17:40
/KASE, 02.04.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Альянс Банкі" АҚ (Алматы), биржаға 2013 жылдың 02 сәуірінде жолдаған баспасөз-хабарламасында былай деп мәлімдеді: цитата басы 2012 жылғы 31 желтоқсан қорытындылары бойынша ҚЕХС меншік капиталы 11 млрд. 147 млн. теңгені, 2011 жылға қатысты өсім 10 млрд. 115 млн. теңгені құрады (980 пайызға өсті). Альянс Банкнің таза түсімі 640 млн. теңгені құрады. Пайда негізінен операциялық қызмет есебінен, оның ішінде қолданыстағы кредит қоржынының есепке алынған өсімінен және операциялар көлемінің ұлғаюынан құралды. Банк активтері 2011 жылмен салыстырғанда 60 млрд. теңгеге өсті және жылдың аяғына қарай 590 млрд. теңгені құрады. Банк міндеттемелері жылдың басынан бастап 578 млрд. 862 млн. теңгені құраумен, 50 млрд. ұлғайды. Өткен жылдың кредит қоржыны 388 млрд. 930 млн. теңгені (өсім 18 пайыз) құраумен, 60 млрд. теңгеге ұлғайды. Банкінің депозит қоржыны жылдың басынан 43 млрд. тенгеге (өсім 14,6 пайыз) ұлғайып, 337 млрд. 238 млн. теңгені құрады. «Альянс Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Мақсат Қабашев Банкінің жылдағы жұмыс қорытындыларына төмендегідей түсініктеме береді: «Аяқталған жылдың аса елеулі көрсеткіштері болып Банк капиталының 10 млрд. теңгеден аса өсімі және депозит және кредит қоржындарының ұлғаюы табылады. Қоржындардың өсуін сипаттайын екі мәнді сандар - Банкі бизнес- моделінің табысты жұмысының көрсеткіші. 2011 жылы Банк бірқатар ерекше мәмілелер жасасқанын атап кеткен жөн: проблемалық активтер пулын сату, меншік міндеттемелерін сатып алу, артықшылықты акциялар бойынша дивиденд мөлшерінің төмендеуі. Сонымен қатар 2011 жылы Банк шамамен 18 млрд. теңге мөлшеріндегі кейінге қалдырылған салық активімен келіседі. Осының бәрі ҚЕХС бойынша Банк түсімінің жоғарғы индикаторы. Сонымен қатар 2012 жыл қарқынды операция жұмыс жылы болды. Бүтіндей алғанда біз жұмыс нәтижелеріне ризамыз, ең бастысы - Банк тұрақты түрде түсімді ұлғайтуда». Қосымша ақпараттар алу үшін мұнда хабарласыңыз: "Альянс Банкі" АҚ Баспасөз қызметі Тел. +7 (727) 258 40 40 E-mail: pr@alb.kz Веб-сайт: www.alb.kz цитата соңы [2013-04-02]