03 СӘУІРДЕН БАСТАП "ИСТКОМТРАНС" ЖШС (ҚАЗАҚСТАН) ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ АЯСЫНДА ӘЛЕУЕТТІ ЕВРОПАЛЫҚ ЖӘНЕ АЗИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ БАСТАЛАДЫ

02.04.13 16:41
/KASE, 02.04.13/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы) (Алматы) биржаға төмендегі ақпараттық хабарламаны ұсынды: цитата басы "Исткомтранс" ЖШС – Қазақстандағы В3 және В (Fitch нұсқасы бойынша - Тұрақты) рейтингі бар, ірі темір жол операторы болып табылады (Moody’s бойынша - Тұрақты) және BNP PARIBAS және HSBC 2013 жылдың 3 сәуірінен бастап Европада және Азияда ұйымдастыруға уәкілетті. Қолайлы нарықтық шарттар болған жағдайда 1933 жылғы бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңының S ережесімен реттелген аталған компанияның бағалы қағаздарын АҚШ доллары түрінде орналастыруды көздейді. Бұл жағдайға FSA/ICMA қамтамасыз ете отырып, тұрақтандыру стратегиясы қолданылады. Қосымша ақпарат алу үшін жоспарланған еврооблигацияларды шығарудың лид-ұйымдастырушы "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ төмендегі өкілдеріне хабарласуға болады: Лю Андрей (тел. +7 (727) 244 65 05, факс +7 (727) 244 65 06 e-mail: AndreyLyu@kazks.kz; Филатова Ольга (тел. +7 (727) 244 65 08, факс +7 (727) 244 65 06 e-mail: OFilatova@kazks.kz; Дуйсенаева Лаура (тел. +7 (727) 244 65 05, факс +7 (727) 244 65 06 e-mail: Laura@kazks.kz). Осы хабарламаның толық нұсқасымен KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/news/show/1188068 мекен-жайында танысуға болады. цитата соңы [2013-04-02]