01 сәуірде KASE сауда-саттық жүйесінде "ЛОГИКОМ" АҚ (Қазақстан) бағасы 3 162,74 теңгеден KZ1C48640011 (KZ1C00000892, LOGC) 389,5 мың жай акциялар сатылды

01.04.13 18:43
/KASE, 01.04.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 01 сәуірінде биржаның сауда-саттық жүйесінде "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы) KZ1C48640011 (KZ1C00000892, KASE ресми тізімі, үшінші санат, LOGC) жай акцияларының арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа "Seven Rivers Capital" АҚ ("Севен Риверс Капитал") (Алматы) қатысты. Жарияланған сауда-саттық көлемі 389 532 акцияны құрады (орналастырылған акциялардың 18,6 %). Сауда-саттықтағы бағалы қағаздар коды – LOGC2, лот көлемі – 17 706 акция. Сауда-саттыққа клинеттерінің атынан екі өтінім берген KASE екі мүшесі қатысты – брокерлік-дилерлік ұйымдар, олардың 17 706 және 389 532 акцияны сатып алуға арналған екі өтінімі аяқталар сәтте белсенді болып қалды. Берілген өтінімдердегі бағалар бір акцияға 2 500,00 және 3 162,74 теңге түрінде қалды. Сауда-саттық қорытындысы бойынша сатушы 389 532 акцияны сатып алуға өтінімді қанағаттандырды. Сатып алу сомасы 1 231 988 437,68 теңгені құрады (балама 8 165 894,07 ағымдық биржа курсы бойынша АҚШ доллары). [2013-04-01]