01 сәуірде KASE сауда-саттық жүйесінде "ЛОГИКОМ" АҚ (Қазақстан) бағасы 3 162,74 теңгеден KZ1C48640011 (KZ1C00000892, LOGC) 1,7 млн жай акциялар сатылды

01.04.13 17:26
/KASE, 01.04.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 01 сәуірінде биржаның сауда-саттық жүйесінде "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы) KZ1C48640011 (KZ1C00000892, KASE ресми тізімі, үшінші санат, LOGC) жай акцияларының арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өтті. Арнайы мамандандырылған сауда-саттыққа "Seven Rivers Capital" АҚ ("Севен Риверс Капитал") (Алматы) қатысты. Жарияланған сауда-саттық көлемі 1 709 730 акцияны құрады (орналастырылған акциялардың 81,4 %). Сауда-саттықтағы бағалы қағаздар коды – LOGC1, лот көлемі – 51 810 акция. Сауда-саттыққа клинеттерінің атынан үш өтінім берген KASE екі мүшесі қатысты – брокерлік-дилерлік ұйымдар, олардың 51 810 және 1 709 730 акцияны сатып алуға арналған екі өтінімі аяқталар сәтте белсенді болып қалды. Берілген өтінімдердегі бағалар бір акцияға 2 500,00 және 3 162,74 теңге түрінде қалды. Сауда-саттық қорытындысы бойынша сатушы 1 709 730 акцияны сатып алуға өтінімді қанағаттандырды. Сатып алу сомасы 5 407 431 460,20 теңгені құрады (балама 35 841 661,43 ағымдық биржа курсы бойынша АҚШ доллары). [2013-04-01]