KASE 2012 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЛИСТИНГтік КОМПАНИЯЛАРДЫ "АЙҚЫНДЫЛЫҚҚА ТАЛПЫНЫСЫ ҮШІН" ДИПЛОМДАРЫМЕН МАРАПАТТАУ РӘСІМІН ӨТКІЗДІ

29.03.13 13:38
/KASE, 29.03.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 29 наурызында 2012 жылдың қорытындысы бойынша төмендегі листингтік компанияларды "Айқындылыққа талпынысы үшін" дипломдарымен марапаттады: 1) "Экономикалық қаржы секторының листингтік компаниялары": - "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы); - "Қазақстан халықтық жинақ банкі" АҚ (Алматы). 2) "Экономиканың өндірістік, шикізат және энергетика секторларының листингтік компаниялары": - "Жайықмұнай" ЖШС (Орал); - EURASIAN NATURAL RESOURCES CORPORATION PLC (Лондон). Жеңімпаздар биржаның 2013 жылдың 01 наурыздағы шешімімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ ерекшеліктерімен көзге түскен мүшелерін жыл сайын марапаттау туралы ережеге сәйкес анықталды, мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/issuers_diplom.pdf мекен-жайында орналасқан. KASE алғаш рет ерекшеленген биржа мүшелерін 2002 жылы марапаттаған. Алдыңғы жылдардағы дипломанттар туралы ақпаратты KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/issuers_diplomas мекен-жайынан табуға болады. [2013-03-29]