KASE 2012 ЖЫЛДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЕРЕКШЕЛЕНГЕН БИРЖА МҮШЕЛЕРІН МАРАПАТТАДЫ

29.03.13 12:55
/KASE, 29.03.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2013 жылдың 29 наурызында 2012 жылдың қорытындысы бойынша ерекшеленген биржа мүшелерін төмендегі номинациялар бойынша марапаттады: 1) "Мемлекеттік бағалы қағаздардың биржалық нарығы лидері": - "Сбербанк России" ЕБ АҚ (Алматы) – "алтын" диплом; - "AsiaCredit Bank" (АзияКредит Банк) АҚ (Алматы) – "күміс" диплом. 2) "Акциялардың биржалық нарығы лидері": - "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) – "алтын" диплом; - "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес банкі) – "күміс" диплом. 3) "Корпортивтік облигациялар биржалық нарығының лидері": - "Сентрас Секьюритиз" АҚ – "алтын" диплом. 4) " Репо операциялары нарығының лидері": - "Қазақстан халық банкі" АҚ еншілес ұйымы "Қазақстан халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ – "алтын" диплом; - "Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі" АҚ – "күміс" диплом. 5) "Жетекші қаржы кеңесшісі": - "Қазақстан халық банкі" АҚ еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ (Алматы). 6) Поощрительный диплом "Халықтық IPO" бағдарламасын іске асырғаны үшін ынталандыру дипломы: - "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес банкі) (Алматы); - "АСЫЛ-ИНВЕСТ" АҚ (Алматы). Жеңімпаздар биржаның 2013 жылдың 01 наурыздағы шешімімен "Қазақстан қор биржасы" АҚ ерекшеліктерімен көзге түскен мүшелерін жыл сайын марапаттау туралы ережеге сәйкес анықталды, мәтіні KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/diploms.pdf мекен-жайында орналасқан. KASE алғаш рет ерекшеленген биржа мүшелерін 2002 жылы марапаттаған. Алдыңғы жылдардағы дипломанттар туралы ақпаратты KASE веб-сайтында http://www.kase.kz/ru/members_diplomas мекен-жайынан табуға болады. [2013-03-29]