28 наурыз күні биржада өткен "AsiaCredit Bank" АҚ (АзияКредит Банк) (Қазақстан) KZP01Y07D887 (KZ2C00001766, LARIb2) облигациясын кері сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық жүзеге аспады деп жарияланады

28.03.13 17:57
/KASE, 28.03.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "AsiaCredit Bank" АҚ (АзияКредит Банк) (Алматы) KZP01Y07D887 (KZ2C00001766; KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санаты, LARIb2; 1 теңге, 10,0 млрд теңге; 16.07.12 – 16.07.19, жартыжылдық купон, жылдық 8,00 %; 30/360) инфрақұрылымдық облигацияларын кері сатып алу бойынша арнанайы мамандандырылған сауда-саттық болып өтті. Сауда-саттықта эмитент өзінің KZP01Y07D887 5 000 000 000 облигациясын (осы шығарылымның жалпы санынан 50 %) кері сатып алуды жоспарлады. Сауда-саттық заты, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза бағасы" болды. Сауда-саттыққа қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен алматы уақытымен (ALT) 11:30 бастап 15:00 дейін қабылданды. Сауда-саттыққа тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алу өтінімін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін тиімдірек болатын шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Есеп айырысу схемасы – Т+0. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты, олар 47 900 000 облигацияны сатып алуға 2 өтінім берді. Өтінім де аяқталу кезінде өтінімі белсенді болып қалды. Сауда-саттықтағы ұсыным сұранымнан бір пайыздан төмен болды. Берілген белсенді өтінімдердегі "таза" бағалар 96,4054 % (8,75 % жылдық) құрады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықтар жүзеге аспады деп жарияланды. Осы облигацияларды осы шарттармен орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық 2013 жылдың 04 сәуірінде қайта өткізіледі. [2013-03-28]