"Нұрбанк" АҚ (Қазақстан) 28 наурыз күні Қазақстан қор биржасында өзінің 108,3 млн KZ2C0Y06D727 (KZ2C00001303, NRBNb9) облигацияларын жылдық 8,00 %-бен орналастырды

26.09.12 17:26
/KASE, 28.03.13/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) Сауда-саттық жүйесінде "Нұрбанк" АҚ (Алматы) KZ2C0Y06D727 (KZ2C00001303, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, NRBNb9; 100 тенге, 16,0 млрд тенге; 26.07.10 – 26.07.16, инфляция деңгейімен индекстелген жарты жылдық купон, ағымдағы купондық кезеңге жылдық 6,60 %, 30/360). орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің 2012 жылдың 28 маусымында тіркелген, жалпы сомасы 100,0 млрд теңге, "Kaspi Bank" АҚ екінші облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылым және аталмыш эмитенттің Биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының оныншы шығарылымы болып табылады. Эмитент сауда-саттықта 158 000 000 (тіркелген осы шығарылым облигацияларының жалпы санынан 98,8 %) KZ2C0Y06D727 облигацияларын орналастыруды жоспарлаған. Сауда-саттық заты реті, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейінгі дәлдікпен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы қолданылады. Орналастыруға қатысу үшін өтінімдер жабық тәсілмен Алматы уақытымен (ALT) сағат 11:30-дан 13:00- ге дейін берілді. Сауда-саттықта тек шектелімді өтінімдер ғана қабылданды. Сатып алуға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі – кесімді бағаға тең, өтінім бағасымен немесе сатушыға ең ұтымды бағамен. Есептесу сызбасы – Т+0. Сауда-саттыққа, өтінім беру кезеңі аяқталар сәтінде үшеуі белсенді болып қалған, 108 300 000 облигация сатып алуға алты өтінім берген, үш KASE мүшесі қатысты. Осылайша, сауда-саттық барысындағы сұраным ұсынымнан 68,5 % құрады. Берілген белсенді өтінімдердің "таза" бағалары 97,1127 % (жылдық 8,00 % ) құрады. Белсенді өтінімдердің жалпы көлемінің 87,9 % зейнетақы нарығы субъектілерінің үлесіне, 12,1 % брокерлік-дилерлік компаниялар клиенттерінің үлесіне тиді. Саудаласу нәтижесі бойынша эмитент кесімді бағаны жоғарыда аталған деңгейінде белгіледі, бұл сатып алушының барлық көлемін қанағаттандырды. Бұл ретте, тарту сомасы 10 647 867 076,67 теңгені құрды. Осы облигацияларды қайта орналастыру бойынша осы шарттармен қайталама сауда-саттық өткізу 2013 жылдың 04 сәуірде белгіленді. [2013-03-28]