"Нұрбанк" АҚ (Қазақстан) Банк басқармасының төрағасы қызметіне К.Б. Орынбаев тағайындалғаны туралы хабарлады

26.02.13 17:39
/KASE, 26.03.13/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған (KASE) "Нұрбанк" АҚ (Алматы) биржаға (KASE), 2013 жылдың 26 наурызындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінің өткен мәжілісінде Орынбаев Қантар Бекаралұлы жаңа Басқарма Төрағасы болып тағайындалды және 2013 жылдың 20 наурызынан бастап ресми түрде өз міндетін атқаруға кірісті. Орынбаев мырза Директорлар кеңесіне сенім білдіргені үшін өз алғысын білдірді және Нұрбанктің жұмыс істеу қағидаттары өзгеріссіз қалатынын және Банктің – айқындық, ашықтық және кәсібилік сынды миссиясы мен құндылықтарына негізделетінін атап өтті. Орынбаев мырза: Нұрбанк қолданыстағы даму саясатын ұстануды жалғастырады және өз клиенттері үшін сапалы өнімдер мен сервистерді дамытуды басшылыққа алады» - деді. Нұрбанкке келгенге дейін Орынбаев Қантар Бекаралұлы «Атамекен» ЖЗҚ» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымында қызмет атқарды. Орынбаев мырзаның қаржы саласында 20-дық тәжрибесі бар және Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінде 10 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Өз жолын «Әлем Банк Қазақстан», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ секілді банк жүйесінен бастаған. «Қазақстан Халық Банкі ЖЗҚ» АҚ-да Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет атқарды. Активтерді Басқарушылар Қауымдастығы Кеңесінің, Қазақстан Қор Биржасының Биржа Кеңесінің құрамында болды, түрлі ведомствоаралық жұмыс топтарының жұмыстарына қатысты. "Нұрбанк" АҚ баспасөз қызметі Тел: 8 (727) 259 97 10 e-mail: pr@nurbank.kz цитата соңы [2013-03-26]