"AMF Group" АҚ (Қазақстан) бірінші облигациялық бағдарламасы шегіндегі өз облигацияларының он шығарылымы бойынша 8-ші купонын төлегені туралы хабарлады

26.03.13 10:42
/KASE, 26.03.13/ – "AMF Group" АҚ (Астана) Қазақстан қор биржасына (KASE) ұсынған ресми хатында 2013 жылдың 18 наурызында өзінің KZ2C0Y07D139 (KZ2C00000941, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасы, AKFIb2) облигациялары бойынша сегізінші купондық сыйақысын төлегені туралы хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес, төленген сыйақының сомасы 20 844 000 теңгені құрады. [2013-03-26]