/ҚАЙТАЛАУ/ 01 сәуірде биржада "ЛОГИКОМ" АҚ (Қазақстан) KZ1C48640011 (KZ1C00000892, LOGC) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

26.03.13 10:24
/KASE, 26.03.13. - 18.03.13 жаңалықты қайталау/ – 2013 жылдың 01 сәуірінде KASE сауда-саттық жүйесінде "ЛОГИКОМ" АҚ (Алматы) KZ1C48640011 (KZ1C00000892, KASE ресми тізімі, үшінші санат, LOGC) жай акцияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі деп Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта "Seven Rivers Capital" ("Севен Риверс Капитал") (Алматы) уәкілетті сатып алушы ретінде қатысады. Орналастырудың жарияланған көлемі 1 709 730 акция (осы шығарылымның жарияланған акцияларының жалпы санынан 81,4 %). Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақытымен (ALT) 11:30-дан 12:30-ға дейін, Eqs_Liq_ST3 (Third_List_ST3 тобы) секторында өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда- саттықтағы коды – LOGC1.. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күнінің ALT 15:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00 ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді және нарықтық өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың номиналды құнын пайызбен көрсетілген бір акцияның бағасы белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны акция саны көрсетілуі тиіс. Өтінімнің көлеміне акция саны мен өтінім бағасы тең болуы тиіс. Лот көлемі - 51 810 акция. Қаржы құралдарының саны өтінімде лот көлеміне тең немесе одан кем болуы тиіс. Сату алудың өтінімін қанағаттандыру тәсілі – өтінімдердің кесімді бағаға тең. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. Басқа инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінімдер бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/ru/shares/show/LOGC мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2013-03-26]