ҚҰб ҚҚК "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZP05Y07E084 облигациялар шығарылымын тіркеді

20.03.13 15:56
/KASE, 20.03.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Цеснабанк" АҚ (Астана) биржаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөніндегі комитетінің (ҚҰБ ҚҚК) 2013 жылдың 18 наурыздағы "Цеснабанк" АҚ бесінші облигациялық бағдарламасының аясындағы үшінші шығарылымның мемлекеттік тіркелгені туралы куәлігінің көшірмесін ұсынды. ҚҰБ ҚҚК куәлігіне сәйкес, "Цеснабанк" АҚ облигациялық бағдарламасы шығарылымының көлемі қағаздың номиналды құны 100 теңге болғанда, 1 100 000 000 теңгені құрайды. Шығарылым KZP05Y07E084 ұлттық сәйкестендіру нөмірі берілген қамтамасыз етілмеген 10 000 000 купондық облигацияға бөлінген. Шығарылым Эмиссиялық бағалы қағаздардың мемлекеттік тізіліміне E08-5 нөмірімен енгізілді. [2013-03-20]