01 сәуір күні биржада "Цеснабанк" АҚ (Қазақстан) KZPC3Y08B873 (KZ000A0T9AK9, TSBNb5) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттығы өткізіледі

19.03.13 17:37
/KASE, 19.03.13/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2013 жылдың 01 сәуірде KASE сауда-саттық жүйесінде "Цеснабанк" АҚ (Астана) KZPC3Y08B873 (KZ000A0T9AK9, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, TSBNb5; 1 теңге, 3,0 млрд теңге; 28.06.06 – 28.06.14, жылдық 6,50 % жарты жылдық купон, 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Аталмыш облигациялардың шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен бақылау комитетімен 2006 жылдың 06 қаңтарда тіркелген, "Цеснабанк" АҚ жалпы сомасы 15,0 млрд теңге екінші облигациялық бағдарламасының үшінші шығарылымы және, эмитенттің биржада листинг процедурасынан өткен, "ішкі" облигацияларының тоғызыншы шығарылымы болып табылады. Арнайы мамандандырылған сауда-саттықта сатушысы " CAIFC INVESTMENT GROUP " АҚ (Алматы) болады. Орналастырудың жарияланған көлемі KZPC3Y08B873 облигациясының (осы шығарылымның тіркелген облигацияларының жалпы санынан 2,3 %) 69 418 000 данасын құрайды Арнайы мамандандырылған сауда-саттық KASE сауда-саттық жүйесінде Алматы уақыты (ALT) 11:30-дан 15:00-ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздың сауда-саттықтағы коды – TSBNb5. Сатып алушы кесімді бағаны сауда-саттық күні ALT 16:00-ге дейін анықтайды. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ (Алматы) ережелер жинағына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздарды сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төлейтін ақшаның "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ-ндағы корреспондеттік есеп-шотында 15:00-де ALT (Т+0) бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа тек KASE сауда-саттық жүйесіне жабық тәсілмен берілген, шектелімді өтінімдер ғана қабылданады. Өтінімде көрсетілетін баға ретінде, үтірден кейінгі төртінші таңбасына дейін дәл көрсетілген, бағалы қағаздың атаулы құнын пайызбен көрсетілген, облигацияның "таза" бағасы (жиналған мүддені есептемегенде) белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны данада берілген облигациялар санына тең болуы тиіс. Өтінім көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының бір облигацияның "таза емес" бағасына (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көбейтіндісі көрсетіледі. Мәміле, мекен-жайы бойынша жарияланған http://www.kase.kz/files/normative_base/bond_yield_kaz.pdf көлемі Облигациялар кірістілігін және облигациялармен жасалатын мәмілелер сомасын есептеу әдістемесінің 3 тарауының 14 бабына сәйкес есептеледі. Сатып алу өтінімдерін қанағаттандыру тәсілі – кесімді бағаға тең немесе сатушы үшін пайдалырақ болатын қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылым аңдатпасымен http://www.kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbnf9b5_2006.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. Сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида http://www.kase.kz/files/normative_base/methods.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. [2013-03-19]