"AsiaCredit Bank" АҚ (АзияКредит Банк) (Қазақстан) мүдделі мәміле жасағаны туралы хабарлады
18.03.13 12:52
/KASE, 18.03.13/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "AsiaCredit Bank" АҚ (АзияКредит Банк) (Алматы)
Қазақстан қор биржасына (KASE) ресми хатпен і мүдделі мәміле жасағаны
туралы ақпарат хабарлады:
цитата басы
1) акционерлік қоғам органының мәміле жасау туралы шешім шығарған күні
– 2013 жылдың 15 наурызы.
2) мәміле мәні болып табылатын мүлік құны – 489 689 (төрт жүз сексен
тоғыз мың алты жүз сексен тоғыз) теңге
3) мәміле мәні болып табылатын мүліктің соңғы бағалау күні –
қолданылмайды
4) мәміле мәні болып табылатын мүлік құнының акционерлік қоғамның
активтерінің жалпы құнына пайыздық қатынасы – 0,00078%;
5) негізгі мәміле жасау шарттары – жеке тұлғаның стандартты жағдайдағы
еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде қызметкердің жазатайым
жағдайлардан міндетті сақтандыру келісімшарты;
6) мәміле жасау күні – 15.03.2013ж. мәміле әлі жасалған жоқ.
цитата соңы
[2013-03-18]